«Қазақ даласы мәдениетіндегі әйелдердің мәртебесі» атты фотокөрмесі

Құрметті студенттер, оқытушылар,  кітапхана оқырмандары мен қонақтары!

2025 жылдың 17 наурызында Әл-Фараби атындағы кітапханада «Қазақ даласы мәдениетіндегі әйелдердің мәртебесі. Архив 2025. Шетел жинақтарында XIX-XX ғғ. фотоқұжаттардағы қазақ әйелдері тарихының оралуы» атты фотокөрме ашылды. Көрмеде Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының кинофотофоноқұжаттар архивтерінен, Гамбург қаласының (Германия) этнография музейінен және Лозанна қаласының (Швейцария). Елисей музейінен әкелініп, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазу архивінің қорларында сақталған бірегей фотоқұжаттар көрсетіледі.

Фотокөрме 2025 жылдың 19 наурызына дейін жалғасады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71/27. Әл-Фараби атындағы кітапхана, 4-қабат, холл.

Байланыс телефондары: +7 (327) 377-33-30, ішкі. 1700, 1701, 1704

Яндекс.Метрика