Әл-Фараби кітапханасында Төрегелді Тұяқбайдың 70 жылдығына орай «ХХІ ҒАСЫР ПОЭЗИЯСЫ: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ»атты мерейтойлық конференциясы өтті.
Іс-шараға: ҚазҰУ ғалымдары, профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттері қатысты.
Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: Төрегелді Тұяқбайдың 70 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі оның әдеби шығармашылығына, аударма жұмыстарымен таныстыруға, сондай-ақ философиялық көзқарастары мен әдеби қызметінің ерекшеліктерін көрсетуге бағытталған. Көрмеде ақынның шығармалары, аударған кітаптары, сондай-ақ оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін айқындайтын түрлі материалдар, фотосуреттер мен құжаттар ұсынылды.
Жалпы алғанда, көрмеге кітапхана қорынан 90-нан астам кітап пен мерзімді басылымдар қойылды.