Алғыс айту күні!

2016 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1 наурыз – Алғыс айту күні деп жарияланды. Бұл күн Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне сәйкес келеді, яғни 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, еліміздегі барлық ұлт пен ұлыс өкілдерін бір шаңырақ астына топтастыратын маңызды оқиға болды. Алғыс айту күні – халықтың бірлігі мен татулығын, еліміздің тарихына деген құрметті және өзара сыйластықты нығайтатын мереке.


Алғыс айту күні – тек тарихи оқиғаға құрмет көрсету ғана емес, ол еліміздегі әр адамның өзара құрмет пен ынтымақтастықта өмір сүруін насихаттайтын маңызды күн.

Айтулы мерекеге орай Әл-Фараби кітапханасы оқырмандары үшін ерекше іс-шара ұйымдастырды. Кітапхананың 2-ші қабатында оқу залының алдына фотозона және Алғыс тақтасы қойылды. Мұнда оқырмандар өздерінің қымбатты адамдарына алғыстарын әр тілде жазып, білдіріп, суретке түсті. Әрбір оқырман жазған сыйластық пен махаббатқа толы алғыс сөзі, жылы лебізі атаулы күннің маңызын арттырды.

Яндекс.Метрика