Әл-Фараби кітапханасында көрнекті тарихшы-ғалым, испан тілінің маманы, Мадрид (Испания) университетінің профессоры Самат Көшенұлы Өтениязовтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Әлем әдебиеті мен мәдениетіндегі Аттила тұлғасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Жиынға Түркияның Кастаному университетінің профессоры Орхан Сөйлемес, Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетінің профессоры Маханбет Жусупов, Бішкек мемлекеттік университетінің профессоры Доолотбек Сапаралиев және жергілікті ғалымдар, ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлық құрамы мен білім алушылар қатысты.
Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: тарихшы-ғалым, испан тілінің маманы, Мадрид (Испания) университетінің профессоры Самад Өтениязовтың өмірі мен қызметі, жазған кітаптары мен мерзімді басылымдарда жарық көрген еңбектерімен таныстыру
Жалпы алғанда, көрмеге кітапхана қорынан 80-нен астам кітап пен мерзімді басылымдар қойылды.