Білім беру жүйесінің өзекті мəселелері жəне оларды шешу жолдары

Әл-Фараби кітапханасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және «Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ  ұйымдастыруымен «Білім беру жүйесінің өзекті мəселелері жəне оларды шешу жолдары» атты Республикалық ғылыми-тəжірибелік конференция өтті. 

Конференцияның басты мақсаты– қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында Қазақстандағы педагогикалық білім берудің өзекті мәселелерін талқылау және оларды шешу жолдарын іздеу. 

 Конференцияға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорлары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, педагогикалық кадрларды даярлайтын білім беру ұйымдарының өкілдері, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты ұйымдары, оның ішінде мектепке дейінгі, орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері қатысуда.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: кітапхана қорындағы кітаптар арқылы педагогика ғылымы мен білім беру саласындағы қазіргі заманғы жетістіктермен таныстыру, заманауи педагогикалық зерттеулер мен теорияларды кеңінен насихаттау, сондай-ақ педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал ету. Көрме арқылы педагогика пәні бойынша әдебиеттерді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, оқу құралдарын және басқа да ресурстарды көрсетіп, білім беру процесіне қатысушыларды жаңашыл идеялармен таныстыру.

Кітап көрмесі келесі негізгі бөлімдерден тұрды:

1.   Педагогика негіздері

2.   Ғылыми педагогикалық зерттеулер

3.   Педагогикалық ғылымдар

4.   Педагогикалық психология

5.   Жоғары білім беру кеңістігі

Жалпы алғанда, көрмеге кітапхана қорынан 450-ден астам кітап пен мерзімді басылымдар қойылды.

Яндекс.Метрика