Springer Nature ресурсына тестілік қол жетімділік

Құрметті оқырмандар! 

2025 жылдың 5-ші ақпанынан бастап 5-ші наурызына дейін Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіне Springer Nature баспасының журналдары мен мақалаларына қолжетімділік берілді.

Осы кезеңде университеттің компьютерлерінен немесе қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігіне ие бола отырып (тіркеуден кейін) Scopus құрамына кіретін және Web of Science-та импакт-факторы бар мақалалар мен журналдарды іздеуге, жүктеуге, зерттеуге, құрастыруға болады.

  • журналдар мен мақалалар: https://link.springer.com/. 1997-2025 жылдардағы мақалаларға қол жетімділік ашылды. Олардың ішінде 2000-нан астам рейтингтік ғылыми журналдар мен барлық ғылыми бағыттар бойынша 6 млн. астам мақалалар бар.
  • журналдар мен мақалалар: https://www.nature.com/.  2000-2025 жылдардағы мақалаларға қол жетімділік берілді. Озық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы әлемдегі ең ықпалды 100-ден астам журналдар, олардың ішінде Nature, Nature Biomedical Engineering, Nature Catalysis, Nature Chemistry және т. б. журналдар бар.

Тестілік қолжетімділік кезінде оқыту вебинарлары өткізіледі:

«Сайтпен жұмыс. Әдебиеттерді таңдау: диссертацияңыз, мақалаңыз немесе ғылыми жобаңыз бойынша табысты жұмыс істеуге арналған Springer Nature журналдары, мақалалары».

Күні мен уақыты: 2025 жылдың 11-ші ақпанында сағат 15.00-де.

Қатысу сілтемесі: осында

Күні мен уақыты: 2025 жылдың 18-ші ақпанында сағат 15.00-де.

Қатысу сілтемесі: осында

Яндекс.Метрика