Farab оқырмандар клубының бір жылдық белесі

Әл-Фараби кітапханасының 416-конференц залында 2025 жылдың 3 ақпан күні бір жылдығына арналған мерекелік кеш өтті. Кешті кітапхана директорының кітапхана ісі жөніндегі орынбасары Қ.С. Көбегенова кіріспе сөзбен ашып, кітапхана жанынан құрылған клуб жұмысының бағыттарына тоқталып, сәттілік тіледі.
Іс-шара кітапхана қызметкерлері мен Farab клуб мүшелерінің, «Сұңқар» студенттер және магистранттар кәсіподағының өкілдерінің, жалпы ҚазҰУ жастарының және басқа да университет студенттерінің қатысуымен, шығармашылық атмосферада өтті. Атап өтсек, арнайы келген қонақтар – NARXOZ университетінің «Сделай себя сам» оқырмандар клубы мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Aq qauyrsyn» оқырмандар клубының мүшелері, қонақ кәде ретінде өз өнерлерін көрсетті. Олар Farab клубының жұмысына жоғары бағаларын беріп, бірлескен шығармашылық бастамаларға жол ашуға ниет білдірді.
Сонымен қатар іс-шараға филология, журналистика және механика-математика факультеттерінен әдебиетші, ақын ұстаздар қатысып, клуб бастамаларына табыс тіледі.
Іс-шара барысында клубтың жетекшісі Марал Айдосқызы оқырман клубының бір жылда атқарған жұмысы туралы қысқаша есеп беріп, болашақ жобаларымен таныстырды.
Кеште арнайы әдеби-музыкалық бағдарлама ұсынылып, келген қонақтар мен көрермендер арасында түрлі ойындар өткізді.
Іс-шара соңында кітапхана директоры Ж.А. Арекенованың атынан Farab клуб мүшелеріне арнайы алғыс хат пен дипломдар табысталды.

Яндекс.Метрика