Химия және химиялық технология бойынша XII Халықаралық Бірімжанов съезі

Әл-Фараби атындағы Қаз-ҰУ-да химия және химиялық технология факультеті ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған іс-шаралар аясында XIІ Халықаралық Бірімжанов сьезі өтті.

Халықаралық съезде химия, химиялық технология және білім тақырыптары талқыланды.
Батырбек Ахметұлы Бірімжанов — химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері. Ғылыми еңбектері табиғи тұздар мен оларды пайдалану жолдарына, тыңайтқыштар химиясына арналған.

Әл-Фараби кітапханасының қорынан профессор Б. А. Бірімжановқа арналған «Б. А. Бірімжанов – ғалым, ұстаз» көрмесін дайындалды. Көрме Б. А. Бірімжановқа және химия ғылымына арналған.

Көрме мына бөлімдерден тұрады
1. Химия ғылымының корифейі
2. Б. А. Бірімжанов – ғалым, ұстаз, тәлімгер
3. Қазақстанның химия ғылымы

Көрмеге қысқаша шолу

  1. Химия ғылымының корифейі
    Бірімжанов Батырбек — Қазақстанның химия ғылымының негізін салушылардың бірі. Ол өз өмірін ғылыми зерттеулерге арнап, химия саласындағы көптеген маңызды еңбектердің авторы болды, «Жалпы химия», «Химия серігі», «Солеобразование в некоторых контитнентальных бассейнах Қазахстана» және т.б еңбектері қойылды. Оның еңбектері химияның әртүрлі бағыттарына қатысты, бірақ оның басты зерттеу саласы органикалық және аналитикалық химия болды.
    Батырбек Бірімжанов Қазақстандағы химия ғылымының дамуына зор үлес қосып, Қазақстанның ғылым саласында беделді ғалым ретінде танылды. Ол көптеген оқу құралдары мен ғылыми мақалалар жазды, Қазақстанның химиялық өндірісін дамытуда маңызды рөл атқарды
  2. Б. А. Бірімжанов – ғалым, ұстаз, тәлімгер
    Ғалымның ғылыми қызметі Қазақстандағы химия ғылымын халықаралық деңгейге көтеруге ықпал еткен. Ол зерттеулерінің нәтижесінде еліміздің химия саласын жаңа деңгейге көтеріп, отандық ғылымды алға жылжытты. Батырбек Бірімжановтың химия саласындағы жетістіктері қазіргі Қазақстандағы химия ғылымының іргетасын қалауға себепші болды. . Көрменің Б. А. Бірімжанов туралы бөлімінде «Батырбек Беремжанов. Өнегелі өмір», «Баташ аға» Бірімжановтың есімі еңгізілген энциклопедялар, әр жылдары откен коференция материалдары және басқа да кітаптар қойылды.
  3. Қазақстанның химия ғылымы
    Көрменің химия ғылымына арналған бөлімінде «Химическая наука Казахстана», «Жалпы химиялық технология», Б. Д. Балғышеваның «Қазақстан фосфориттерінің механохимиясы» «Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен апараттары» «Мүнай-газ өндірудің заманауй техникасымен технологиясы» және тағы басқа кітаптар қойылған.
Яндекс.Метрика