Құрметті Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қызметкерлері!
Әл-Фараби кітапханасы атынан Сіздерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығымен кәсіби мерекелер тізбесіне ресми түрде енгізілген Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күні — кәсіби мерекемен құттықтаймыз!
Сіздердің қызметтеріңіз еліміздің экономикалық, ғылыми және мәдени өркендеуіне елеулі үлес қоса алатын жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ете отырып, қоғам дамуының негізгі элементі болып саналады. Сіздердің педагогикалық біліміңіз бен ғылыми зерттеулеріңіз — Қазақстанның тұрақты дамуы мен инновациялық болашағының негізі.
Мереке құтты болсын!