«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты онлайн-байқаудың қорытындысы жарияланды

Абай – ақын, Абай – дана. Күллі қазақтың мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын-философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Әл-Фараби кітапханасы ұйымдастырған «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты онлайн-байқаудың қорытындысы өтті. Іс-шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің талантты студенттері қатысты.

Әл-Фараби кітапханасының директоры Арекенова Жадыра Айдынғалиқызы сөзінде бұл байқаудың мақсаты Абай поэзиясы, шығармашылығы арқылы қазақ тілінің бай сөз қорын насихаттау, жастардың рухани танымын кеңейту екенін атап өтіп, жеңімпаздарын құттықтап, қатысушыларға жылы лебізін білдірді.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды журналистика факультетінің студенті Садырқан Дана жеңіп алды. Ол Абайдың поэзиясын ғана емес, оның философиясын да түсініп, шеберлікпен ерекше орындап таң қалдырды. ІІ орынды да журналистика факультетінің студенті Альмира Бауыржанқызы иеленді. Ол Абайдың шығармашылығына терең еніп, ақын сөзінің кереметтілігін көрсете білді. ІІІ орынды филология факультетінің студенті Сапар Елдана алды. Ал, қатысушыларымыз Молдакулова Жания мен Альмедина Шайхатқа алғыс хат берілді. Сондай-ақ, салтанатты жиында журналистика факультетінің студенті Сеидигалымова Жалын Абайға арнауын оқыды. Кеш соңында барлық қатысушылар естелік суретке түсті.

Яндекс.Метрика