Бүгін — 30 тамыз — Коституция күні

Конституция – әрбір мемлекеттің ең басты заңы. Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Алайда ол ескі әкімшіл-әміршіл ережелерге сүйенгендіктен, қоғам талабына сай келмеді. Сол себепті араға екі жыл салып, 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде елімізде жаңа Конституция қабылданды.

28 жылда Ата заңға алты рет өзгеріс енгізілген: 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары.

Ең ауқымды өзгерістер 2022 жылы жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды.Парламент депутаттарын сайлау жүйесі де өзгерді.Елімізде Конституциялық сот құрылды. Өлім жазасына тыйым салынды. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар енді халыққа тиесілі.

Қазіргі Конституциямызға бүгінгі күнге дейін, көптеген өзгертулермен толықтырылып еңгізілді. Келесі жылы конституцияның қабылданғанына 30 жыл толады.

Яндекс.Метрика