1 курс студенттеріне кітапханамен таныстыру экскурсиялары басталды

Әр оқу жылында басында университетімізге түскен 1 курс студенттеріне арналған кітапханалық-библиографиялық сабақтар мен кітапхананы таныстыру экскурсиялары жүргізіледі. Бұл іс-шараның мақсаты – студенттерді кітапхананы пайдалану ережелерімен таныстыру, қажетті ақпарат көздерін пайдалану жолдарын көрсету, оқу мәдениетін қалыптастыру.
Кітапханалық-библиографиялық сабақтарда бірінші курстықтар кітапхана сайтымен танысып, ондағы электрондық каталогтан кітап іздеуді, электрондық дерекқорлармен, электрондық толықмәтінді деректер базасымен жұмыс істеуді үйренеді.
1 курс студенттеріне арналған кітапханалық экскурсиялар мен сабақтар бекітілген кесте бойынша бір ай бойы жүргізіледі.

Яндекс.Метрика