«SENAT OPEN» шахмат турнирінің жартылай финалы

Әл-Фараби кітапханасында Алматы қаласының мәслихаты мен Қазақстан Шахмат Федерациясы шахматтан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Ашық Кубогы-Оңтүстік – Шығыс өңірінің «SENAT OPEN» шахмат турнирінің жартылай финалын өткізді. ҚР Парламенті Сенатының қамқорлығымен өткен KazChess/Қазақстан шахмат федерациясының турниріне мәслихат депутаттары мен барлық шақырылымдағы қоғамдық кеңестердің мүшелері, сондай-ақ ардагерлер және БАҚ кеңестерінің (Алматы қаласы, Абай облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы, Жетісу облысы) өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында «Абай» марапатына арналған тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Осы іс-шара аясында тоғызқұмалақ федерациясының атқарушы директоры Калдыбаев Азамат Копсекбаевич Әл-Фараби кітапханасына тоғызқұмалақ және шахмат ойындарын сыйға тартты.

Яндекс.Метрика