Байқау жариялаймыз!

«ӨЛЕҢ — СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ» ОНЛАЙН БАЙҚАУ

Әл-Фараби кітапханасы ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туған күніне орай ​«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты онлайн байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты: Абай Құнанбайұлының поэзиясы арқылы қазақ тілінің бай сөз қорын насихаттау, жастардың рухани танымын кеңейту.

Байқаудың шарттары:

  • Қатысушы Абай Құнанбайұлының кез келген өлеңін қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде мәнерлеп оқыған сәтін видеоға түсіру керек
  • 2-3 минуттан аспайтын бейнематериал түсіруі тиіс. Түсірілген бейнематериалды ұйымдастырушылардың WhatsApp және Telegram желілері арқылы төмендегі телефон нөміріне жіберу керек 8 747 685 86 41
  • Бейнематериал кітапхананың инстаграм парақшасында жарияланады
  • Қатысушылардың арасынан жеңімпаздарды комиссия мүшелері анықтап, сыйлықтармен марапаттайды
  • 1-31 шілде аралығында материалдар қабылданып, 10 тамыз  байқау нәтижесі жарияланады
Яндекс.Метрика