Wiley  вебинарлар сериясы жалғасуда

Ағымдағы жылдың сәуір айында басталған Wiley декрекқорының вебинарлары жалғасуда. Вебинарларда мақаланы жариялауға қалай дайындау керек, Wiley Online Library платформасында ақпаратты іздеуді, тақырып бойынша толық мәтінді, еркін қолжетімділіктегі (уақытша қолжетімділік ұсынылған) материалдарды  және ашық қолжетімділіктегі (әрдайым ашық) материалдарды іздеудің жолдары, Wiley ресурстарының зерттеушілер қауымдастығындағы ықпалы, Wiley баспасының ғылыми контенті жайлы, импакт-фактор, citescore, процентильдер мен квартильдер, Хирш индексі сияқты ғылымиметрикалық көрсеткіштер туралы ақпараттар айтылды. Аталмыш вебинарларға 500-ден  аса ғалым мен зерттеуші қатысты. Вебинарларды Қазақстан және ТМД бойынша баспа өкілі Айман Әшімханова жүргізеді.

Жаңа вебинарлардың шығу күндерін кітапхана сайтында және әлеуметтік желілерде жариялайтын боламыз.

Сіздер  Wiley вебинарларының бейнежазбаларын біздің кітапхананың YouTube арнасынан көре аласыздар осында

Яндекс.Метрика