Қазақстанның конституциялық-құқықтық ғылымын дамыту

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да профессор К.ф. Котовтың, В. А. Кимнің 100 жылдық мерейтойына және профессор М. Т. Баймахановтың 90 жылдығына арналған «Қазақстанның конституциялық-құқықтық ғылымының дамуы: тарихы, мәселелері, болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: студенттерді, магистранттар мен докторанттарды профессорлар К.Ф. Котов, В. А. Ким және М. Т. Баймахановтың өмірімен және ғылыми жұмыстарымен, сондай-ақ конституциялық-құқықтық ғылым туралы еңбектермен таныстыру.

Көрме бөлімдері:

  • «Біз конституциялық кеңістікте өмір сүреміз»
  • «Тәуелсіздік тұғыры — заң»
  • «Елімнің еркіндігі — Ата заңым»

«Біз конституциялық кеңістікте өмір сүреміз». Көрменің бұл бөлімі мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат – Қазақстанның Ата заңы – Конституцияға арналады. Бұл жерде келушілер назарына ҚР Конституциясының тарихы, маңызы мен қызметі жөнінде жазылған ғылыми еңбектер, көпшілік оқырманға арналған кітаптар және т.б. басылымдар ұсынылды.

«Тәуелсіздік тұғыры — заң». Заң Ғылымы, құқықтану, заң ілімі, заңтану – құқықты әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі ретінде зерделейтін және құқықты қолдану қызметінің алуан түрлі қырларын зерттейтін қоғамдық ғылым. Көрменің бұл бөліміне заң саласындағы С.Зиманов, Т.Күлтөлеев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Тайманов, С.Сартаев, т.б. заң ғылымының түрлі салалары бойынша іргелі зерттеулері мен монографиялық еңбектері, және қазіргі кезде Ә.Еренов, С.Байсалов, Ш.Шайбеков, Н.Мұхиддинов, С.Сахипов, М.Баймаханов, Сапарғалиев, М.Сүлейменов, М.Нәрікбаев, У.Жекебаев, Т.Ағдарбеков, Қ.Халиқов, С.Табанов, Н.Өсерұлы, З.Кенжәли, С.Өзбекұлы, А.Ибраева, т.б. ғылым докторлары заң ғылымының әр түрлі саласында іргелі зерттеулер жүргізіп, құқықтануға айтарлықтай үлес қосқан заңгерлердің еңбектері қойылды.

«Елімнің еркіндігі — Ата заңым». Бұл бөлменің мазмұндық салмағын ҚазҰУ-дың заң факультеті оқытушы-профессорлар құрамының монографиялары, оқулықтары, оқу құралдары мен басқа да ғылыми еңбектері, шетелдерде жарық көрген кітаптары және т.б. басылымдар құрайды.

Яндекс.Метрика