Университет кітапханалары үшін ИРБИС мектебі

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығының ұйымдастыруымен «ЭйВиДиКазахстан» компаниясы 2024 жылғы 24-25 сәуірде Әл-Фараби кітапханасының базасында университет кітапханалары үшін ИРБИС мектебін өткізді. Мектеп барысында кітапхана каталогизаторлары, комплектаторлары, IT-мамандары және қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері үшін ИРБИС жүйесінде жұмыс технологиялары бойынша практикалық және ақпараттық сабақтар өткізілді. Сонымен қатар «ЭйВиДи-Казахстан» компаниясының сарапшылары жұмыс процестерін автоматтандыруға және кітапханалардың цифрлық сервистерін кеңейтуге арналған жаңа технологиялармен және шешімдермен таныстырды.
ИРБИС мектебінің семинарларына Қазақстанның жоғары оқу орындары кітапханаларынан, атап айтқанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан, Қазақстан-Неміс университетінен, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен, Қазақ ұлттық өнер университетінен, Қазақстан-Ресей медициналық университетінен, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен, академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан және Қарасай аудандық кітапханасынан 35 қызметкер қатысты.

Яндекс.Метрика