IEEE cеминар-тренингі

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Әл-Фараби атындағы кітапханада IEEE техникалық мамандар қоғамдастығының семинары өтті. Семинар спикері  “NextDay Solutions” ЖШС директоры, Қазақстандағы IEEE өкілі Виктор Владимирович Жабров IEEE институтының қызметі жайлы, IEEE Xplore электрондық кітапханасының мүмкіндіктері туралы, IEEE-ға жазылым не үшін қажеттігін, электрондық ресурстарының сапа көрсеткіштері, ғалымдар мен зерттеушілердің ашық пікір алмасу алаңдарына (форумдарға) қатысу мүмкіндіктері, IEEE ғалымдар қоғамдастығының мүшелігіне студенттердің  де қатысу мүмкіндігі туралы айтты. Сонымен қатар “NextDay Solutions” ЖШС ұсына алатын басқа да жазылымды дерекқорлар жайлы ақпарат беріп, презентация жасады. Қолданылушылар тарапынан IEEE гибридті журналдарында, конференция материалдарында  ақысыз жарияланудың мүмкіндіктері жайлы сұрақтар қойылды.

Еске сала кетейік, IEEE – Электротехника және электроника инженерлері институты — инженерлер мен электротехниктердің халықаралық коммерциялық емес қауымдастығы, радиоэлектроника, Электротехника және есептеу жүйелері мен желілерінің аппараттық құралдары бойынша стандарттарды әзірлеу бойынша әлемдік көшбасшы. IEEE әлемдік техникалық әдебиеттің үштен бір бөлігін шығарады және әлемнің 160-тан астам елінде 423000-нан астам мүшесі бар. IEEE Xplore – электротехника,  ақпараттық технологиялар және электроника бойынша 6 миллионнан астам толық мәтінді техникалық құжаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін халықаралық мәліметтер базасы. IEEE Xplore коллекцияларында:

* 200 IEEE ғылыми журналдары, мерзімді басылымдар мен еңбектер жинағы

* IEEE конференцияларының 1,800-ден астам жинақтары

* 4,600-ден астам бекітілген және жарияланған IEEE стандарттары

Яндекс.Метрика