PROFбілім беру электрондық ресурсының семинары

Әл-Фараби атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде ҚазҰУ-ға қолжетімділік берілген «EDPHUB» компаниясының тағы бір ресурсы – ТжКБ мекемелері (колледждер) үшін арнайы әзірленген PROFбілім беру электрондық ресурсымен жұмыс істеу бойынша семинар-тренинг өтті. Шеберлік сағатты «PROFбілім беру электрондық ресурсы колледждің білім беру үдерісінде: мазмұн, қызметтер, аккредитация» тақырыбы бойынша PROFбілім беру электрондық ресурсының өкілі, «IPR Media» компаниясының және EDP HUB ЖШС-нің дамыту жөніндегі директоры Кутуева Вита Викторовна өткізді.

PROFбілім беру электрондық ресурсы (www.profspo.ru) – ТжКБ мекемелері (колледждер) үшін арнайы әзірленген электрондық ресурс. Шеберлік сағатта эксклюзивті мамандандырылған электрондық оқулықтарды, сондай-ақ колледждердің әртүрлі бағыттары бойынша мерзімді басылымдарды пайдалана отырып, сапалы білім беру мүмкіндіктері көрсетілді.

Іс-шараның ұйымдастырылуы мен өз деңгейінде өтуіне ат салысқан ҚазҰУ колледжінің тарапынан  семинарға 50-ге жуық оқытушы мен студенттер қауымы қатысып, қашықтағы және бетпе бет форматтағы оқу процесін алуан түрлі жүргізу мен пайдаланушыларды тіркеу принциптеріне қатысты қойған сұрақтарына жауап алды. Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

Яндекс.Метрика