Кітап көрмесіне шақырамыз

Кітапхана қорындағы танымал, сұранысқа ие жаңа кітаптармен қатар қазіргі уақытта уақыт сынынан өткен, ұмытылған, уақытпен тексерілген басылымдар бар. Барлығы ұмытылғандай, авторлар да, олардың шығармалары да… Бірақ сөреден ескі кітапты алып,парақтай бастасаңыз кезінде оқыған оқиғалар еске түсері сөзсіз. Бұл бірнеше жыл бұрын белсенді түрде оқылған, оқырмандардың қызығушылығын танытқан кітаптар, ал қазір олар ұмытылып кеткен. Бұл кітаптар бүгінгі күнгі оқырманның қызығушылығын арттыратын нағыз бестселлерлері болары сөзсіз. Көрменің мақсаты – оқырмандарды кітапхана қорындағы ұмытылған кітаптармен таныстыру.

Яндекс.Метрика