23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні

Бұл күн 1995 жылы 15 қарашада ЮНЕСКО-ның 28-ші сессиясында жарияланды және 1996 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. 1995 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы кітаптар мен авторларға құрмет көрсету туралы шешім қабылдады, бұл жұртшылықты оқудан ләззат алуға және адамзаттың мәдени прогресіне ықпал еткендердің таптырмас үлестерін құрметтеуге шақырды. Нәтижесінде халықаралық кітаптар мен авторлық құқықтар күні бекітілді.

23-26 сәуір аралығында Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай Әл-Фараби кітапханасында апталық өтеді.

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне арналған Әл-Фараби атындағы кітапхананың іс-шаралар жоспары:

  • 23 сәуір «Ұмытылған кітаптарды еске алайық» атты дәстүрлі кітап көрмесі
  • 23 сәуір «Жаңа кітап беттерін парақтау» атты жаңа түскен кітаптар көрмесі
  • 23-26 сәуір Кітапхананың негізгі кітап сақтау қоры мен Академик Әбсаттар Дербісәлі атындағы сирек басылымдар мен қолжазбалар залына ашық есік күнін (экскурсиялар) өткізу.
  • 23 сәуір -23 мамыр «Ұмытпа, оқырман!» айыппұлсыз кітап қайтару акциясы.
  • 24-25 сәуір Жоғары оқу орындарының кітапханаларына арналған ИРБИС мектебі.
  • 25 сәуір «Авторлық құқық және кітапхана цифрлық дәуірде» атты заң факультеті оқытушысының кітапханашылармен кездесу-дәрісі.
  • 26 сәуір Сәбит Мұқановтың туған күніне орай өмір жолымен шығармашылығына арналған кітапхана оқырмандарымен әдеби шолу.
  • 26 сәуір Farab оқырмандар клубының қатысуымен «Кітап мәдениетінің әлемдік даму жолдары» атты дөңгелек үстел.
Яндекс.Метрика