Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік

Әл-Фараби атындағы кітапханаға 2024 жылдың 10-12 сәуір аралығында Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтынан кітапханашы әріптестеріміз – М.С. Әубәкір, Н.С. Бейсенова, М.К. Смагулова тәжірибе алмасу мақсатында келді.
Кітапхана директорының міндетін атқарушы Арекенова Жадыра Айдынғалиқызы қонақтарымызды қарсы алып, кітапхана қызметі жөнінде пікір алмасты. Ақпараттық қызмет басқармасының басшысы Ақмарал Аманкелдіқызы Әл-Фараби кітапханасына экскурсия жасап, кітапхананың функционалдық аймақтарымен таныстырды.
Сонымен қатар тәжірибе алмасу барысында әріптестерімізге кітапхананың құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері өз жұмыс орындарында кітапхананың ИРБИС64+ автоматтандырылған жүйесі бойынша әріптестердің сұрақтарына толық ақпарат және кітапханалық нормативтік құжаттар бойынша әдістемелік кеңестер берілді.
Қонақтар естелікке суретке түсіп, ризашылықтарын білдірді.

Яндекс.Метрика