Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері

Әл-Фараби кітапханасында «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты:іс-шараға қатысушыларды, қонақтарды, студенттерді тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдеріне қатысты кітаптармен таныстыру

Көрме бөлімдері:

  • «Халықаралық журналистика»
  • «Тұрақты даму мақсаттары»

Халықаралық журналистика. Кафедра мақсаты кәсіби мамандарды – медиа нарығына, мемлекеттік, саяси, әлеуметтік және бизнес құрылымдарға қазіргі заманғы технологияларды меңгеріп, құзіреттер мен тәжірибелік дағдыларды игерген, бәсекеге қабілетті, бүгінгі еңбек нарығында сұранысқа ие халықаралық журналистерді, PR-менеджерлерді, имиджмейкерлерді, продюсерлерді, баспасөз хатшыларын даярлауды мақсат етеді.
ҚазҰУ Халықаралық журналистика саласында бәсекеге қабілетті және даму әлеуеті бар, коммуникациялық және аралас салаларда шешімдер табуға, халықаралық медиа жобалар мен педагогикалық тәжірибені басқаруды жүзеге асыруға қабілетті философия докторларын (PhD) дайындау.

Тұрақты даму мақсаттары. Тұрақты даму мақсаттары — жер шарын қорғау мен бейбітшілікті қолдау үшін қабылданған әлемдік мақсаттар. Тұрақты даму мақсаттары 2030 жылға дейін 17 мақсаттың жүзеге асырылуына жұмыс жасайды. Тұрақты даму мақсаттарының негізгі қағидасы «Ешкімді назардан тыс қалдырмау». Еліміздегі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы тұрақты даму мақсаттарына толығымен сай келеді деуге болады. Тұрақты даму мақсаттарының қағидасынан оған қол жеткізуге жауапкершілік тек Үкіметке жүктелмейтінін байқауға болады. Ғаламдық мақсаттарға қол жеткізу жолында елдегі азаматтық сектор, бизнес ғана емес, әр адамның белсенді қатысуы аса маңызды. Сонда ғана біз болашақ ұрпаққа қажет ресурстарды үнемдей отырып, тұрақты даму жолына қол жеткізе аламыз. Көрмеде тұрақты дамудың бағыттары бойынша кітаптар ұсынылып отыр.

Яндекс.Метрика