Қазақ мемлекеттілігінің қайнар бастаулары: Жошы ұлысына 800 жыл

Әл-Фараби кітапханасында Жошы ұлысының 800 жылдығына орай, «Қазақ мемлекеттілігінің қайнар бастаулары: Жошы ұлысына – 800 жыл» атты республикалық дөңгелек үстел отырысы өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: іс-шараға қатысушыларды, қонақтарды, студенттерді қазақстан тарихы саласындағы кітаптармен таныстыру

Көрме бөлімдері:

  • «Алтын Орда»
  • «Жошы ұлысы»

Алтын Орда. Алтын Орда – Жошы ұлысында құрылған алғашқы ірі мемлекеттің бірі. 1240 жылдары Русь кінәздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық. Қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Хулагу мемлекетінің қол астындағы Персиямен шектесті. Көрменің бұл бөліміне Алтын Ордаға қатысты кітаптар ұсынылды.

Жошы ұлысы. Жақында ғана Ұлытауда ұлттық құрылтай өтті. Осы үлкен жиында көптеген маңызды тақырыптар айтылды. Қазақстан Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың баяндамасында ел күтіп жүрген өзекті мәселелер көтерілді. Ұлытауда ұлы Жошы ханның кесенесі орналасқан. 2023 жылы Жошы ханның таққа отыруының 800 жылдығын бүкіл ел болып атап өтеміз. Қазыбек Иса айтқандай: «Жошы хан — Алтын Орданың атасы, бүкіл Қазақ хандарының бабасы ғой!». Жошының балалық шағы мен жастық шағы туралы мәлімет жоқ. Ол туралы деректер 25 жасынан бастап кездеседі. 1207 жылы Шыңғыс хан үлкен ұлын Байқалдың батысындағы жерді жаулап алуға жібереді. Онда тұратын орман тайпалары – телеуіттар, ұрсұттар моңғол қолбасшысына соғыспай беріледі. Тайпа ақсақалдарды сыйлыққа ақ боз аттар, бұлғындар және қыр сұңқарларын береді. Тұңғышының әскери дарынына, жорық нәтижесіне риза болған Шыңғыс хан Жошыға өзі жаулап алған тайпалардың жерін сыйға тартты. Дәл осы аумақтарда Жошы ұлысы – Алтын Орданың негізі қаланды.

Яндекс.Метрика