Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің өкілі Әли Мужани Гумидің шығыстану факультеті мен философия және саясаттану факультетінің сарапшыларымен кездесуі өтті.
Әбу Насыр Әл-Фараби ғұлама ғалым, Түркі жұртының жарық жұлдызы. Ғұламаның отаны Қазақ жерінің оңтүстігіндегі Отырар қаласы. Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «Екінші Ұстаз» атауына ие болды.Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150–ге жуық философиялық және ғылыми трактат), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия, математика мен медицина және т.б.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: Қонақтарды, студенттер мен ОПҚ-ны кітапхана қорындағы әл-Фараби еңбектерімен және форум тақырыбына байланысты зерттеу жұмыстарымен таныстыру.
Көрме 4 бөлімнен тұрады
- «Әл-Фараби алғашқы басылымдары»
- «Әл-Фараби және қазіргі заман»
- «Уақыт пен кеңістік аясындағы фарабитану»
- «Әл-Фараби зерттеушілері»
Әл-Фараби алғашқы басылымдары. Көрмені әл-Фараби еңбектері ашады, бұл бөлімде кітапхана қорында ХХ-шы ғасырда басылып шыққан трактаттары ұсынылды. Оның ішінде Әл-Фараби «Әлеуметтік–этикалық трактаттар»
Әл-Фараби және қазіргі заман. Бұл бөлімге шығыстың ұлы ойшылы, екінші ұстаз әл-Фарабидың қайта басылып шыққан басылымдары ұсынылады, соның ішінде «Философиялық трактаттар», «Қайырымды қала» және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан «Он томдық шығармалар жинағы» да көрмеде өз орнын тапты. Сондай ақ әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Қазақ университеті», және «RS» баспа үйлерінен шығарылған әл-Фарабидің көп томдық еңбектері қойылды.
Уақыт пен кеңістік аясындағы фарабитану. Көрменің бұл бөлімінде Әл-Фарабиге арналған биобиблиографиялық көрсеткіштер хронологиялық тәртіппен орналастырылған. «Әл-Фараби – Шығыстың ұлы ойшылы. Аль–Фараби – великий мыслитель Востока» жинағы, «Әл-Фараби және заманауи Қазақстан философиясы»монографиясы, «Әбу Насыр Әл-Фараби»энциклопедиясы көпшілік назарына ұсынылды.
Әл-Фараби зерттеушілері. Әл-Фараби мұрасын зерттеу сөз болғанда ең алдымен есімізге Ақжан Машани түсері сөзсіз. А. Машановтың «Әл-Фараби: 870–1970: тарихи–деректі кітап», «Әл-Фараби және Абай»кітаптары. Сонымен қатар А. Көбесовтың «Әл-Фараби», «Әл-Фараби мен Абайды қатар оқығанда» зерттеу еңбегі және т.б. кітаптары қойылған.
Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы кітапханасы
Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған әлеуметтанушы қауым, кітапхана пайдаланушылары – студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, кітапхана қызметкерлері т.б.
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 150 кітап, мерзімді басылымдар.