Жаңа жазылым базасы бойынша семинарға шақыру

Құрметті оқырмандар!

Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ оқытушылары мен студенттеріне екі білім дерекқорына — IPR SMART электронды-кітапханалық жүйесіне және E-UNI.KZ  цифрлық ұлттық платформасына қолжетімділік берілді

Платформамен танысу үшін ресурс операторы – «EDPHUB» компаниясы семинар-тренинг өткізеді, оның барысында сіз екі түрлі ресурстың принциптік айырмашылығы, платформадағы оқу әдебиеттерінің сервистері мен мазмұны, оқытушылармен және оқу контентінің авторларымен жұмыс істеудің  әртүрлі бағыттары, оқытушылардың платформаларда өз жұмысын орналастыру мүмкіндіктері туралы біле аласыз, сонымен қатар сіз электронды білім беру ресурстарын әзірлеушілергежәне оқу әдебиеттеніңрінің ірі баспасына кез келген сұрақ қоя аласыз.

Күні: 2024ж. 4 сәуір

Уақыты: 11:00

Өтетін орны: әл-Фарби атындағы кітапхана, 3-қабат, 308 – мәжіліс залы

Семинар-тренингтің өту ұзақтығы: 1 сағат

Тілі: орыс

Спикер: Кутуева Вита Викторовна, «IPR Media» компаниясының және EDP HUB ЖШС-нің дамыту жөніндегі директоры

Сертификат беріледі

IPR Smart цифрлық кітапханасы (платформа, ресурс) https://www.iprbookshop.ru/заңнаманың барлық талаптарына жауап беретін және пайдаланушылардың сұраныстарынан (55 000-нан астам оқу және ғылыми басылымдар) және оқу мен оқытуға арналған жаңа ыңғайлы сервистерден, білім беру жүйесінде білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың заманауи құралы болатын  бірегей политематикалық деректер базасы.

E-UNI.KZ  цифрлық кітапханасы (платформа, ресурс) https://e-uni.kz/ – бұл оқу және ғылыми басылымдардың ұлттық заманауи политематикалық дерекқоры, оқуға және оқытуға ыңғайлы сервистер, білім беру жүйесінде білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға арналған, дәрістер, онлайн курстар, ЖАОК орналастыруға арналған заманауи құрал.

Яндекс.Метрика