Қазақстан мен Ресейдің Жоғары оқу орындары ректорларының II форумы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында «Жоғары білім мен ғылымның өзекті тенденциялары» Қазақстан мен Ресейдің Жоғары оқу орындары ректорларының II форумы өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: кітапхананың қорында жиналған университет тарихы, әл-Фараби еңбектері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ туралы басылымдармен оқырмандарды және барша қауымды таныстыру.

Көрме бөлімдері:

  • Әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетістіктері
  • ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері

Әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман. Көрмені әл-Фараби еңбектері ашады. Оқырман қауымға әл-Фарабидің «Таңдамалы трактаттары», «Музыка туралы үлкен кітап», «Қайырымды қала. Музыка туралы кітап: әлеуметтік-этикалық трактаттар» және басқа да еңбектері ұсынылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы.  Бұл бөлім университет тарихы туралы кітаптарға арналған. Көпшілік қауымға «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – болашақтың университеті = Казахский национальный университет имени аль-Фараби – университет будущего» жинағы, жалпы ред. басқ. Б. Жұмағұлов, «Біздің Элита» кітабы, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті = Казахский национальный университет им. аль-Фараби» басылымы, бас ред. Ж. Қ. Түймебаев, «Летопись Казахского национального университета имени аль-Фараби» төрт томдық жинағы және тағы басқа да университет тарихы туралы басылымдар көпшілік назарына ұсынылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетістіктері. Көрменің бұл бөлімінде Қазақ ұлттық университеті ғалымдарының ең үздік инновациялық жобалары енген, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген «ҚазҰУ-дың инновациялық жобалары», «Инновационные проекты КазНУ», «Innovative projects of KazNU атты ғылыми-танымдық еңбектері, университеттің даму бағыттарының көрсеткіштерін айқындайтын «Айшықты оқиғалар-2021-Знаковые события», «Айшықты оқиғалар-2022-Знаковые события» кітаптары, университетке қатысты кітаптарды көруге болады, соның ішінде «Казахский государственный университет = Қазақ мемлекеттік университеті» фотоальбомы және Scopus ғылыми журналдар дерекқорына енген «Physical sciences and technology», «International Journal of Mathematics and Physics», «International Journal of Biology and Chemistry», «Journal of Interdisciplinary Approaches to Medicine» ҚазҰУ шығаратын журналдар қойылған.

ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері. Бөлім филология факультеті мен журналистика факультеті ғалымдарының еңбектеріне арналған. Атап айтқанда, бұл филология ғылымдарының, профессорлар Берікбай Сағындықұлы, Жанғара Дәдебаев, Өмірбек Әбдіманұлы, Баян Жолдасбекова және т.б. ғалымдардың және журналистика саласында Темірбек Қожакеев, Марат Барманқұлов, Сағатбек Медеубекұлы және т.б. профессорлардың еңбектері орналасқан. Келесі сөреде тарихшы, заңгер, экономист, географ ғалымдардың еңбектері қойылған. Бөлім университет ғалымдарының философия, дін, педагогика, психология бойынша еңбектеріне арналған. Мұнда химия және химиялық технология мен биология факультеттерінің профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектері орналастырылған. Бөлімді механика-математика, физика-техникалық және ақпараттық технологиялар факультеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамының жұмыстары аяқтайды.

Яндекс.Метрика