«Wiley Online Library мүмкіндіктері» вебинары өтті

Құрметті оқырмандар, ағымдағы жылдың 6-шы наурызында Wiley баспасының тарапынан өткізілген вебинарда Wiley Online Library ғылыми журналдар деректер базасын қолдану бойынша ақпараттармен танысу жүргізілді.

Вебинарда Wiley Online Library платформасында ақпаратты іздеуді, тақырып бойынша толық мәтінді, еркін қолжетімділіктегі (уақытша қолжетімділік ұсынылған) материалдарды  және ашық қолжетімділіктегі (әрдайым ашық) материалдарды іздеудің жолдары, Wiley ресурстарының зерттеушілер қауымдастығындағы ықпалы, Wiley баспасының ғылыми контенті жайлы айтылды.

Аталмыш вебинарға 50-ден  аса ғалым қатысты. Вебинарды Қазақстан және ТМД бойынша баспа өкілі Айман Әшімханова жүргізді. Жақын арада Әл-Фараби кітапханасы вебинарлар бағдарламасына жаңартулар енгізуді жоспарлап отыр. Ғылыми-практикалық қызметіңізге пайдалы болатын ақпаратты уақытында алу үшін жаңалықтарды жіберіп алмаңыздар (жаңалықтарға өту үшін басыңыз).

Жаңа вебинарлардың шығу күндерін кітапхана сайтында және әлеуметтік желілерде жариялайтын боламыз.

Сіздер  Wiley вебинарларының бейнежазбаларын біздің кітапхананың YouTube арнасынан көре аласыздар.

YouTube сілтемесі: осы жерде

Яндекс.Метрика