Профессор Елубаев Жангелді Сәкенұлының 70 жылдығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында Заң ғылымдарының докторы, профессор Елубаев Жангелді Сәкенұлының 70 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу жағдайындағы мемлекеттің экологиялық саясаты» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: іс-шараға қатысушыларды, қонақтарды, студенттерді сот саласы, азаматтық-құқықтық заңнамалар саласындағы кітаптармен таныстыру

Көрме бөлімдері:

  • «Жұмагелді Елубаев – 70 жаста»
  •  «Жұмагелді Елубаевтың еңбектері»
  •  «Әділ заң тірегің»

Жұмагелді Елубаев – 70 жаста. Жұмагельді Елубаев заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, М.С.Нарікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің, Каспий қоғамдық университетінің Құрметті профессоры, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (РФ РЖҒА), Петр атындағы ғылым және өнер академиясы (Санкт-Петербург, РФ) академигі.

Жұмагелді Елубаевтың еңбектері. Ж.С.Елубаев өзінің бүкіл саналы өмірін заңға қызмет етуге, елімізде демократиялық даму принциптерін орнықтыруға, ізгі де әділ құқықтық жүйені қалыптастыруға, жас ұрпақты тәрбиелеуге және Қазақстан ғылымын дамытуға арнады. Кітапхана қорында біраз еңбектері бар соның ішінде «Вопросы законотворчества и правоприменение», кітапқа соңғы жылдары заң журналдарында, ғылыми-практикалық конференция материалдарында, БАҚ-та жарияланған ғылыми мақалалар, баяндамалар мен автордың сұхбаттары енгізілген. «Проблемы нормативного регулирования добычи, производства, хранения и транспортировки серы» бұл зерттеудің негізгі мақсаты өндіруге, өндіруге, сақтауға және тасымалдауға байланысты проблемалардың теориялық және практикалық аспектілерін кешенді зерттеу болып табылады, «Проблемы правового регулирования недропользования» бұл монографияда жаһандану кезеңінде Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануды құқықтық реттеу, сондай-ақ мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне арналған.

Әділ заң тірегің. Экологиялық құқық — экологиялық-заңдылық нормалардың жиынтығы. Ол қоршаған ортаны корғау, экологиялық зияндардың зардаптарын алдын ала ескерту, адамды қоршаған табиғи ортаны сауықтыру және сапасын арттыру жолында адам мен табиғаттың өзара қоғамдық қатынасын ретгейді. Бұл бөлімге кітапхана қорынан оқытушы құрам профессорларының еңбектері қойылды.

Яндекс.Метрика