«Киелі мекенім – кітапхана»

4 наурыз күні Әл-Фараби кітапханасы ұжымының ұйымдастыруымен университетіміздің 90 жылдық мерейтойы аясында және Алғыс айту күніне»  орай «Киелі мекенім – кітапхана» атты кітапхана ардагерлерімен кездесу кеші  өтті.

Қоғамда кітапхана мәртебесін көтеру, ардагерлеріміздің сіңірген еңбегін алдағы ұрпаққа насихаттау, кітапхана ісі мамандығын таңдауға жастарды бағыттау кештің негізгі мақсаты болды. 

Кешке білімділіктің киелі ордасы – кітапханада бірнеше жыл қызмет істеп,  университет білім алушылары мен оқытушыларын ғылыми, көркем-әдеби кітаптармен қамтамасыз еткен кітапханашы ардагерлеріміз келді.

Кездесу барысында қонақтарға  кітапхананың тарихы, кітапханада атқарылған жүмыстары, кітапхана жетістіктері таныстырылды. Әр жылдан сақталған ұжымдық естелік суреттер көрсетілді. Қазақ дәстүрі бойынша жайылған шағын мерекелік дастарқан басында ардагерлерді сөзге тартып, кітапхана саласындағы еңбек жолы жайлы өнегелі әңгіме айтылды. Қонақтарымыз жас кітапханашылар қойған түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерімен, басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісе отырды.

Ардагерлеріміз кітапхана ұжымына өз жылы лебіздерін білдірді. Кеш соңында  еңбектің қиындығына төзе білген, қадір-қасиетін түсіне білген игі жандарға кітапхана директорының орынбасары Арекенова Жадыра Айдынғалиқызы жүрекжарды тілегін арнап, сыйлықтар табыс етті. Ардагерлерлермен кездесіп, алғыс айту кітапханамыздың дәстүрлі іс-шарасына айналады деген сенімдеміз.

Яндекс.Метрика