Кітапхананың ең маңызды рөлі – білім беру жүйесін дамыту мақсатында ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету. Қолданушыларын ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында кітапхана басқа кітапханалармен үнемі өзара байланыста қызмет етеді. Осы орайда Әл-Фараби кітапханасына ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан әріптестеріміз тәжірибе алмасу үшін келіп, кітапхана қорын толықтыру, электрондық құжаттардың көшірмелерін тұрақты және өзара тиімді қолдану бойынша ынтымақтастық келісімнің шарттарын талқылады. Кездесу барысында қонақтарымызға экскурсия жасалып кітапхана бөлімшелерінің қызметтері таныстырылды.
Жарияланған күні: 29 февраля 2024