«Кітапханаға кітап сылай» акциясы

2024 жылы 15 ақпанда сағ 9:00-ден 18:00-ге дейін Әл-Фараби атындағы кітапхананың 2-қабатта орналасқан оқу залында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтетінін хабарлаймыз. Сіздер ғылыми еңбек, оқу құралы, көркем әдебиет, сондай-ақ, құнды басылым немесе қолжазбаларды сыйға бере аласыздар.
Университететіміздің профессорлық-оқытушылық құрамынан, кітап авторларынан, жеке тұлғалардан, қайырымдылық және басқа ұйымдардан, сондай-ақ әртүрлі баспалардан сыйға тартылған кітаптар Әл-Фараби атындағы кітапхана қорын толықтыру жолдарының бірі болып саналады. Бұл кітаптар осында өзі оқырмандарын табатынына мол сенімдеміз.

МАТЕРИАЛДАРДЫ ІРІКТЕП АЛУДЫҢ ЖАЛПЫ КРИТЕРИЯЛАРЫ

Құжатты кітапхана қорына қабылдау мәселесін шешу кезінде әл-Фараби атындағы кітапхана қорын тақырыптық және типологиялық профиліне сәйкес жинақтауда оның ғылыми, тарихи және көркемдік құндылығы негізгі критерий болып саналады.
Кітапхана сыйлық кітаптар ретінде дәстүрлі (баспа) және электрондық түрде келесі құжаттар түрлерін қабылдайды:

  • оқу және оқу-әдістемелік басылымдар (соңғы 5 жылда жарияланған);
  • ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдар (соңғы 5 жылда жарияланған);
  • көркем альбомдар;
  • отандық және шетелдік көркем әдебиет;
  • кітапхана профиліне сәйкес келетін немесе жинақтағы жетіспейтін көшірмелерін қалпына келтіруге арналған журналдар;
  • сирек, бірегей және құндылар санатына жататын қолжазбалар, басылымдар.

Келіңіздер, кітапты сыйға беріп, игі іске ат салысыңыздар! Біз сіздерді күтеміз!

Яндекс.Метрика