FARAB оқырмандар клубының салтанатты ашылуы

2024 жылдың 2 ақпанында Әл-Фараби кітапханасының №416 конференц-залында университетіміздің  90 жылдығы қарсаңында Әл-Фараби кітапханасының бастауымен және Әлеуметтік даму және жастармен жұмыс департаментінің қолдауымен құрылған FARAB әдеби-танымдық бағытта жұмыс жасайтын оқырмандар клубының ашылуы өтті.

Кештің ашылуына арнайын шақырту алған қонақтары мен ҚазҰУ-дың 300 студенті келді. Кеш барысында FARAB оқырмандар клубының ашылуына құттықтау сөз сөйлеген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрғали Ораз, жазушы Нұрлыбек Саматұлы мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Бақытжан Абызұлы, ҚазҰУ оқытушысы, ақын Әбенов Болат өз тілектерін айтып, алғаш болып клуб мүшелеріне кітап сыйлады. Клубымызға қосылғандардың арасында фотограф Жүнісбеков Марат, Marabeey, оқытушы Болат Құсайынұлы да бар. Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары Арекенова Жадыра Айдынғалиқызы оқырмандар клубына сәттілік тілеп, келген қонақтарға алғысын білдіре отырып, клуб мүшелеріне арнайы бейджик табыстады.

Концерттік бағдарлама барысында «Фараби» ансамблі кеш қонақтарына ән-шашуларын арнады.

Әдеби-танымдық клуб өз жұмысында білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын оятып, шығармашылық дарынын ашып, жаңа дәуірдің жаңаша технологияларын пайдалана отырып, жан-жақты дамуға құштар, тарихи танымға бай сауатты жастарды тәрбиелеп шығуға өз септігін тигізеді деген ойдамыз.

Яндекс.Метрика