Хабарландыру!

Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері, оқытушылары, қызметкерлері!

Сіздерді 2024 жылғы 2 ақпанда сағат 15.00-де Әл-Фараби атындағы кітапхананың №416 конференц-залында өтетін FARAB клубының ресми ашылуына шақырамыз! FARAB клубы – жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту, әлемдік әдебиеттің озық үлгілерімен таныстырып, жоғары әдеби талғам, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Әлеуметтік даму және жастармен жұмыс департаментінің қолдауымен Әл-Фараби кітапханасы жанынан ашылған оқырмандардың әдеби-танымдық клубы.

Іс-шара аясында клуб кеңсесінің (4-қабат, 404 кабинет) тұсаукесері, сонымен қатар университеттің студенттік ұжымдарының концерттік бағдарламасы жоспарланған.

Клуб мүшелігіне қабылдау жалғасатынын естеріңізге саламыз! Егер сіз:

  • кітап оқуды ұнатсаңыз және барлық жаңадан шыққан әдебиеттен хабардар болғыңыз келсе;
  • замандас ақын-жазушыларымызбен кездесулер ұйымдастырып, олармен сұхбаттасқыңыз келсе;
  • әдебиет жолына қадам басып, шығармаларыңызды жұртшылыққа таныстырғыңыз келсе;
  • әлемдік және отандық бестселлерлерді талқылап-талдау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетіңізді шыңдағыңыз келсе – онда FARAB әдеби-танымдық клубымызға қосылуға шақырамыз!

Біздің клубқа мүше болғыңыз келсе, бізге жазыңыз, келіңіз, қатарымызға қосылыңыз!

 Клубқа қабылдау: Әл-Фараби кітапханасы 2-ші қабат, 204-кабинет

Яндекс.Метрика