Әл-Фараби кітапханасында ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, т.ғ.д., профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлының 60 жас толуына орай «ХIII -ХVIII ғасырлардағы Отан тарихының өзекті мәселелері»атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: оқырмандарға, қонақтарға, конференция қатысушыларына кітапхана қорынан тарихшы-профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның шығармалары мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларымен таныстыру.
Көрме бөлімдері:
- «Тарихшы, профессор Берекет Кәрібаев»
- «Қазақ тарихын ұлықтаған тұлға»
- «Қазақ ру-тайпаларының тарихы»
Тарихшы, профессор Берекет Кәрібаев. Б.Б. Кәрібаев 1964 жылы 9 қаңтарда Қызылорда облысы Арал ауданы Ақеспе ауылында дүниеге келген. 1990 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік дипломмен аяқтайды. Жас маман ретінде өзі маманданған тарих факультетінің Қазақ ССР тарихы кафедрасына ассистент қызметіне қалдырылады. Сол кезден күні бүгінге дейін Б.Б.Кәрібаев сол кафедрасында оқытушылық қызмет атқарып келеді. Ол ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор секілді қызметтік сатылардан өтті. 2016 жылдан бері университеттегі Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. 1999 жылы доцент атағына ие болды. Ал 2010 жылы ҚР ҰҒА академигі Б.Е.Көмековтың ғылыми кеңесшілігімен «Қазақ хандығының құрылу тарихы» атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғап, 2011 жылы профессор атағын алады. Көрменің бұл бөліміне Б.Кәрібаев туралы мәліметтер, әр жылдары шыққан мақалалар қойылды.
Қазақ тарихын ұлықтаған тұлға. Б.Б.Кәрібаев жалпы саны 700- ге жуық ғылыми, ғылыми-көпшілік жұмыстар мен оқу, оқу- әдістемелік құралдардың авторы. Оның ішінде жеке 20 монографиялық кітаптың, 40-тан аса авторлық ұжыммен жазылған кітаптардың, 4 тарихи анимациялық фильмнің сценарийінің авторы. 2012 жылы Б.Б.Кәрібаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент – мүшесі, ал 2020 жылы ҚР ҰҒА академигі болып сайланды. Ғылыми жетістіктері үшін Б.Б.Кәрібаев 1995 жылы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. 1998 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің лауреаты атанды. 2015 жылы «Кітап мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін» алтын медалімен және «2015 жылғы ЖОО үздік оқытушысы» медалімен марапатталды. 2016 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. 2021 жылы «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді. Сонымен бірге «Жалаңтөс батыр», «Бұхарбай батыр» және тағы басқа он шақты медальдарының иегері. Көрменің бұл бөліміне «», «», «Қазақстан тарихы» т.б кітаптары қойылды.
Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Қазақ шежіресі — аса ауқымды ұғым. Ол үнемі ғалымдарымыз тарапынан зерттеле отырып бір ізге түсуге, оқыған білікті зиялыларымыз тарапынан зерделене отырып толықтырылуға тиіс.