Құрметті оқырмандар!
Сіздерді Elsevier компаниясының SciVal онлайн-платформасына арналған вебинарға қатысуға шақырамыз. Вебинар барысында Scopus ғылыми жарияланымдарының рефераттық базасының деректерімен және бірқатар басқа көздерден алынған деректермен – патенттік ақпаратпен, БАҚ мониторингімен, ірі қорлар берген гранттар статистикасымен жұмыс істеу үшін SciVal – аналитикалық жүйесінде қолжетімді интерфейстің негізгі элементтері, талдау объектілері мен метрикалар қаралатын болады.
Тақырыбы: SciVal: негізгі аналитика және жаңа мүмкіндіктер
Сипаттама: Вебинар кең аудиторияға бағытталған және тәжірибелі және бастаушы зерттеушілерге, ғылыми-зерттеу бөлімшелерінің басшыларына, әкімшілік қызметкерлерге, SciVal қолданушысына немесе білімдерін жетілдіргісі келетіндерге пайдалы болады.
Қатысушылар жүйені пайдаланудың ең көп таралған сценарийлерімен танысады, мысалы, ғалымның портфолиосын, ғалымдар топтарын, ұйымдарын талдау; тар саладағы рецензенттерді, бірлескен авторларды, сарапшыларды іздеу; тар саладағы журналдарды таңдау және оларды бір-бірімен салыстыру, ынтымақтастықты талдау және т.б. SciVal-да бірлескен жобалармен жұмыс істеу мүмкіндіктері және жүйенің Scopus-та таныс ақпаратты іздеуді қалай кеңейте алатыны ұсынылады. Сондай-ақ, соңғы жаңартулармен бірге пайда болған және жақын болашаққа жоспарланған жүйенің жаңа мүмкіндіктеріне шолу жасалады.
Уақыты: 2023 ж. 22 желтоқсан, сағ 15: 00 де
Тіркеу: сілтеме
Спикер: Кирилл Михайлович Иванов, Түркия, Батыс және Орталық Азиядағы SciVal кеңесшісі.