16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихына көз жүгіртер болсақ — 1991 жылы КСРО ның ыдырауы нәтижесінде одақ құрамында болған елдер өз алдарына тәуелсіз мемлекет болып жатқанда Қазақстанда өз алдына тәуелсіз мемлекет бола алды.
1991 жылдың 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескере кететіні Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады.
Еліміздің Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып, әлемнің бірінші дамыған державасы саналатын АҚШ мойындап, артынша Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеттері мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған мұсылман елдері ішінде алғашқысы болды.
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған виртуалды кітап көрмесі: осы жерде