80 лет со дня рождения Оралхана Бокея

Әл-Фараби кітапханасында жазушы, драматург, журналист, редактор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына арналған «Оралхан Бөкей – көрнекті редактор, көсемсөз шебері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: оқырмандарға, қонақтарға, конференция қатысушыларына кітапхана қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның шығармалары мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларымен таныстыру

Көрме бөлімдері:

  • «Көрнекті жазушы, журналист Оралхан Бөкей»
  • «Өр Алтайдың асқақ жыршысы»
  • «Орны бөлек Оралхан»

Көрнекті жазушы, журналист Оралхан Бөкей.Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі – Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. Оралхан Бөкей – жазушы, драматург. 1969 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Көрменің бірінші бөліміне жазушы туралы жазылған кітаптар,мақалалар, әр жылдары шыққан энциклопедиялар қойылды.

Өр Алтайдың асқақ жыршысы. Белгілі жазушы Оралхан Бөкей қазақ әдебиеті мен журналистикасының дамуына зор үлес қосты. Алтайдың кербұғысы атанған Бөкей алғаш рет «Қамшыгер» повестері мен әңгімелер жинағы жарыққа шыққанда таныла бастады. Тұңғыш кітабы 1970 жылы баспадан шыққан екен. Ол «Лениншіл жас», «Жұлдыз» жастар газетінің редакциясында жұмыс істеді. Оған қоса «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болды. Шара барысында студенттерге автордың шығармашылығы туралы бейнефильмдер мен презентациялар көрсетілді. Оның көптеген туындылары туған жері Алтайдың бірегей табиғатына, тарихына арналған.

Орны бөлек Оралхан. Қарымды қаламгер әдебиет әлеміне алғаш қадам басқан сәттен бастап шоқтығы биік шығармаларымен оқырман қауымның ықыласына бөленді. Оның «Қайдасың, қасқа құлыным», «Қар қызы», «Ұйқым келмейді», «Атау кере» және басқа да туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорына құнды қазына болып қосылды.

Яндекс.Метрика