«FARAB» әдеби-танымдық клуб

Құрметті әл-Фараби кітапханасының оқырмандары!
Бізде керемет жаңалық! Кітапқа деген қызығушылықты арттыру, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, жастарға әлемдік әдебиеттің озық үлгілерімен таныстырып, жоғары әдеби талғам, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Әл-Фараби кітапханасында ҚазҰУ-дың Әлеуметтік даму және жастармен жұмыс департаментінің қолдауымен «FARAB» оқырмандар клубының ашылғаны туралы хабарлаймыз.

  • Егер сіз кітап оқуды ұнатсаңыз және барлық жаңадан шыққан әдебиеттен хабардар болғыңыз келсе;
  • егер сіз замандас ақын-жазушыларымызбен кездесулер ұйымдастырып, олармен сұхбаттасқыңыз келсе;
  • егер сіз әдебиет жолына қадам басып, шығармаларыңызды жұртшылыққа таныстырғыңыз келсе;
  • егер әлемдік және отандық бестселлерлерді талқылап-талдау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетіңізді шыңдағыңыз келсе – онда «FARAB» әдеби-танымдық клубымызға қосылуға шақырамыз!

Клубтың мүшесі бола отырып, сіз:

• әдеби және зияткерлік қоғамдастықтың бір бөлігі бола аласыз;
• клуб пен кітапхананың барлық қызықты іс-шараларына қатыса аласыз;
• бос уақытыңызды тиімді және пайдалы өткізуге мүмкіндік аласыз;
• жаңа достар табасыз;
• түрлі сыйлықтар мен сертификаттарға ие бола аласыз.

Біздің клубқа мүше болғыңыз келсе, бізге жазыңыз, хабарласыңыз, қатарымызға қосылыңыз!

Клубқа қабылдау: Әл-Фараби кітапханасы 2-ші қабат, 204-кабинет

Күні: 27-28 қараша 2023 жыл

Уақыты: сағ 16:00 ден 18:00 ге дейін

         

Яндекс.Метрика