Әкім Таразидің 90 жас мерейтойы

Әл-Фараби кітапханасында Қазақ жазушысы Әкім Таразидің 90 жас мерейтойына арналған «Таразитану және қазақ әдебиетінің даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыру, қонақтардың шығармашылық ойлары мен жаңаша идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету. Көрнекті қайраткер,жазушы казақ әдебиеті әлемінің әкімі  Әкім Таразидің әдебиет жолында қосқан үлесімен таныстыру.

Көрме бөлімдері:

  • «Әкім Тарази әлемі»
  • «ХХ ғасырдың ұлы жазушысы»
  • «Ұлт сөзгерлері»

Әкім Тарази әлемі. Әкім Тараза Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін, Мәскеудегі сценаристердің жоғары курсын бітірген. Еңбек жолын орта мектеп мұғалімі болып бастаған.
Жазушының алғашқы кітабы «Құйрықты жұлдыз» повесі 1966 жылы жарық көрді. Одан бері «Үлкен ауыл», «Асу-асу», «Қиян-соқпақ», «Бұлтқа салған ұясын», «Тасжарған», «Қыз махаббаты», «Гнездо на облаках», «Журавли-журавушки», «Басынан Қаратаудың…», «Кен», «Тәж» повестері, әңгімелері, романдары жарияланды. Сондай-ақ «Күлмейтін комедия», «Жақсы кісі», «Жолы болғыш жігіт», «Қос боздақ», т.б. пьесалардың, «Тұлпардың ізі», «Арман атаман», «Қараш-қараш оқиғасы», «Мұстафа Шоқай», т.б. кинофильм сценарийлерінің авторы. Бірқатар кітаптары шет ел тілдеріне аударылған. «Құрмет» орденімен марапатталған.

ХХ ғасырдың ұлы жазушысы. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі жазушы, драматург Әкім Тарази — 90 жасқа толды. Әкім Тарази – сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер, терең ойдың адамы, философ жазушы, кәнігі зерттеуші, тағылымды тарихшы, көне мұраларымыздың бітігшісі. Жазушының үздік кинотуындылары қазақ киносының алтын қорына еніп, бірқатар драматургиялық шығармалары қазақ театрларында сахналанды. Сондай-ақ, Таразидің бірқатар кітаптары орыс, қытай, поляк, болгар, ағылшын тілдеріне аударылған.

Ұлт сөзгерлері. Филология факультеті – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1937 жылы құрылған ең ежелгі факультеттерінің бірі. Факультте танымал ғалым-ұстаздар еңбек етуде, бүгінгі көрмеге ұл сөзгерлері-Берікбай Сағындықұлы, Элеонора Сүлейменова, Светлана Әшімханова, Жанғара Дәдебаев, Жұмат Тілепов, Зейнол-Ғабден Бисенғали, Аслан Жақсылықов, Баян Жолдасбекова, Темірғали Есембеков, Гүлдархан Смағұлова, Гүлмира Мәдиева, Алма Абдулина, Ольга Әбішева, Әнуар Тарақов, Анар Салқынбай, Дина Әлкебаева, Ольга Алтынбекова, Алуа Темірболат, Жанар Ибраева кітаптары қойылды.

Яндекс.Метрика