Wiley баспасының вебинарлары өтті

Құрметті оқырмандар, Wiley баспасының ұйымдастырумен Wiley Online Library дереқорлары мен Cochrane library дәлелді медицина базасы бойынша вебинарлар сериясы өткізілді.

Вебинарда Wiley Online Library платформасында қажетті ақпаратты, тақырып бойынша толық мәтіндерді табу жолдары, қол жетімді журналдар туралы, «жыртқыш» журналдарды қалай анықтауға болатыны туралы, ғылымиметрика жайлы, Impact Factor және Cite Score арасындағы айырмашылықтар жайлы, Wiley ресурстарының зерттеушілер қауымдастығындағы ықпалы, Wiley баспасының ғылыми контенті туралы айтылды.

Өткен вебинарларға 300-ден аса ғалым қатысып, вебинар спикері – Қазақстан және ТМД бойынша баспа өкілі Айман Әшімхановадан қажет сұрақтарына жауап алды.

Жаңа вебинарлардың шығу күндерін кітапхана сайтында және әлеуметтік желілерде жариялайтын боламыз.

Wiley вебинарларының бейнежазбаларын біздің кітапхананың YouTube арнасынан көре аласыздар:

Wiley вебинарында: Ашық қолжетімділік дегеніміз не?

Wiley вебинар тақырыбы: Wiley онлайн кітапханасының мүмкіндіктері

Wiley вебинары: ғылымометрия негіздері немесе расымен нені түсіну керек

Wiley вебинары: шолу және этика: мақалаларды жариялау процесін қалай жылдамдатуға болады

Яндекс.Метрика