Қазақстан мен Франция жоғары оқу орындарының VIII халықаралық форумы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан мен Франция жоғары оқу орындарының VIII халықаралық форумы аясында іс-шаралар өтті.

Шараға Францияның Алматыдағы бас консулы Фабрис Неве, мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесші Алекс Бортолан, Абай атындағы ҚазҰПУ «Сорбонна-Қазақстан» институтының және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Геоэнергетика» орталығының директоры Агнес Буссе, Францияның ЖОО, сондай-ақ кәсіпорындарының ғалымдары мен қызметкерлері, Қазақстан университеттерінің оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: қонақтарға, көнференция қатысушыларына Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықты, қарым қатынас туралы ақпатат беру.

Көрме бөлімдері:

  • «Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы»
  •  «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы»
  • «Қазақстан – Франция арасындағы ынтымақтастық»
  • «Француз тіліндегі әдебиеттер»
  • «Франция елінің әдебиеті»
  • «Қазақ – Француз тіліндегі әдеби аудармалар»

«Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы». Бұл бөлімге адамзаттың асыл қазынасы әл-Фарабидың шет тілдерде жарық көрген мұрасы  және әл-Фарабиді зерттеген ғалымдардың еңбектері қойылды, әл-Фараби мұрасын зерттеу және насихаттау негізінде дүниетанымның интегралды құндылықтарын қалыптастырады.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы». Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 90 жылдық тарихында жеткен жетістіктері мен еліміздің дамуына қосқан үлесі орасан зор. Бүгінде ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орнын алып, жоғары білім саласындағы әлемдік көшбасшы университеттің біріне айналды. Бұл бөлімде университеттің тарихы мен жетістіктеріне арналған мерейтойлық басылымдар: ҚазҰУ шежіресі, университеттің ғалымдары, педагогтары туралы «Летопись» кітабы,  ҚазҰУ түлектері, атақты қоғам қайраткерлеріне арналған «Элита» энциклопедиясы қойылды.

«Қазақстан – Франция арасындағы ынтымақтастық» Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 90 жылдық тарихында жеткен жетістіктері мен еліміздің дамуына қосқан үлесі орасан зор. Бүгінде ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орнын алып, жоғары білім саласындағы әлемдік көшбасшы университеттің біріне айналды. Бұл бөлімде университеттің тарихы мен жетістіктеріне арналған мерейтойлық басылымдар: ҚазҰУ шежіресі, университеттің ғалымдары, педагогтары туралы «Летопись» кітабы,  ҚазҰУ түлектері, атақты қоғам қайраткерлеріне арналған «Элита» энциклопедиясы қойылды.

«Француз тіліндегі әдебиеттер» Көрмеге кітапхана қорындағы әлем әдебиеті бөліміндегі франция жазушыларының француз тіліндегі әдеби шығармалары қойылды. А.Дюманың «Женская война», Вольтердің «Философские повести», Жюль Верн «Двадцать тысяч лет под водой», Оноре де Бальзак «Утраченные иллюзии» т.б француз жазушыларының кітаптары қойылды.

«Франция елінің әдебиеті». Бұл бөлімге қордағы шет ел әдебиеті бөліміндегі француз жазушыларының француз тіліндегі кітаптары қойылды.Содай ақ Виктор Гюгоның 1937 жылы жарық көрген кітабы қойылды, т.б аса құнды кітаптар бар.

«Қазақ – Француз тіліндегі әдеби аудармалар». Бұл бөлімге Немат Келімбетовтың,Мұхтар Әуезовтың, Дулат Исабековтың т.б қазақ жазужыларының француз тіліндегі және француз жазушыларының қазақ тіліне аударылған кітаптары қойылды.

Яндекс.Метрика