«Librarians day» атты байқаудың қорытынды кеші

Былтырдан бері 24 қазанда атап өтілетін кәсіптік мереке – Кітапханашылар күніне орай Әл-Фараби атындағы кітапхана оқырмандар арасында «Librarians day» атты байқау, «Ұмытпа, оқырман!» акциясы сияқты іс-шараларды ұйымдастырған болатын. «Ұмытпа, оқырман!» акциясы аясында кітапханаға кітаптарын уақытында қайтармаған оқырмандар қарыз кітаптарын қазан айының соңына дейін айыппұлсыз өткізуге мүмкіндік алды.
2023 жылғы 30 қазанда кітапхана оқырмандары арасында жарияланған «Librarians day» атты байқаудың қорытынды кеші өтті. Байқау ұйымдастырушылары жеңімпаздарды анықтауда тек лайк пен комментарийлерге ғана қарап емес, сонымен қатар жарияланған пост пен, бейнематериалдардың мазмұнына назар аударды.

Байқаудың Бас жүлдесін журналистика факультетінің 2-курс студенті Бауыржанқызы Альмира жеңіп алды. Гран-при иегеріне Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, фотожурналист, видеограф, халықаралық фотограф, ҚазҰУ Ақпарат және коммуникациялар департаментінің маманы, Mara Beey атымен танылған Жүнісбеков Марат өзі арнайы сыйлық пен фотосессияға сертификат табыс етті. 1-орын журналистика факультетінің 1-курс студенті Шайхат Әлмедина Талғатқызы иеленді, 2 және 3 орындарды да журналистика факультетінің 2 курс студенттері Сейсенбаев Санжар мен Берден Хамза Бақытжанұлы алды. Жүлделі орынға ие болған қалған қатысушыларға Әл-Фараби кітапханасы директорының орынбасары Арекенова Ж.А. және Даму және коммуникация орталығының жетекшісі Жайлаубаев А.Р. І-ІІІ дәрежелі дипломдар табыстап, университеттік «Парасат» кәсіподағының көмегімен алған бағалы сыйлықтармен ынталандырды.

Қорытынды іс-шара «Шабыт» студенттік шығармашыл жастар клубының мүшелерінің ән-күй шашуларымен жалғасты. Әрі қарай залда жиналған студенттерге «В погоне за счастьем» атты фильмі көрсетіліп, тамаша кино кеші болды.

Фото: Жүнісбеков Марат «Мara beey»

Яндекс.Метрика