24 қазан – Кітапханашылар күні!

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан- КІТАПХАНАШЫЛАР күні» болып бекітілді.

Әл-Фараби атындағы кітапханада Кітапханашылар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Әл-Фараби кітапханасы директорының орынбасары Арекенова Ж.А.  кітапхана қызметкерлерін кәсіптік мерекелерімен құттықтады және университетіміздің ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Ж.Н. Айтжанованың атынан оқырмандардың ақпараттық-кітапханалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету саласындағы қажырлы еңбегі үшін,   кітапхана ісіне қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар университет қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының ұйымынан қолдау көрсетілді.
Құрметті әріптестер! Кәсіптік мерекеміз құтты болсын! Оқырмандарға сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетіп, жастар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау ісінде сіздерге қажымас қайрат, шығармашылық табыс, зейінді оқырман тілейміз!

Яндекс.Метрика