«Ұмытпа, оқырман!» акциясы

Құрметті оқырмандар!
Әл-Фараби кітапханасы Кітапханашылар күніне орай «Ұмытпа, оқырман!» акциясы өтетінін хабарлайды.
Әл-Фараби кітапханасы кітаптарын уақытылы тапсырмаған қарыз оқырмандарына 2023 жылдың 24 қазаны мен 31 қазан аралығында әдебиеттерді айыппұлсыз қайтарып, қайта тіркеуден өтуіне мүмкіндік береді.
Акция мақсаты: Кітапхана қорын түгендеу және оқырмандарға жеңілдік ұсыну.
Кітапты қайтару орны мен уақыты: Абонемент бөлімі, дүйсенбі-жұма аралығында сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі сағ. 9.00-ден 13.00-ге дейін

Яндекс.Метрика