Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ЮНЕСКО-ның коммуникацияны дамыту жөніндегі халықаралық бағдарламасы аясында «Өңір-Орталық Азия: көші-қон мәселелері бойынша журналистік білім беру» жобасы басталды. Жобаны Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы бірлесе іске асыруда.
Шараға Орталық Азияның бес елінен келген жұмыс тобының мүшелері, БҰҰ мен ЮНЕСКО, көші-қон саласындағы ұлттық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен журналистер қатысты. Шараға Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің басшысы Сергей Карпов модераторлық етті.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: қонақтарға, конференция қатысушыларына, студенттерге орта Азиядағы миграция саласындағы журналистік білім беру мәселелері туралы кітаптармен таныстыру.
Көрме бөлімдері:
- «Орта Азиядағы миграция мәселелері»
- «Заманауй журналистика»
- «Қазақстандағы PR»
Орта Азиядағы миграция мәселелері. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен Миграция саласындағы журналистік білім беру мәселелері старттық кездесу өтті, осыған орай кітап көрмесі дайындалды. Көрмеге миграцияға қатысты Л.Ф.Деловарованың «Миргационые процессы в Центральной Азии в контексте глобализации», К.Н.Мысаеваның «Освещение вопросов трудовой миграции в средствах массовой информации» т.б кітаптар қойылды.
Заманауй журналистика. Бүгінде елімізде журналистика саласы жаңа платформаларға бет бұрып, заманауи технологияларды қолдануда. Е.Азанбектің «Іскерлік журналистика»,С.Х. Барлыбаеваның «Современные медиа технологии», Н.Шыңғысованың «Журналистика социологиясы», Н.Жалауқызының «Медиа менеджер» т.б кітаптар қойылды.
Қазақстандағы PR. PR дегеніміз ағылшынның Public Relations (қоғаммен байланыс) деген сөздерінен туындаған ұғым. Маркетингте брендті қоғамда, ел арасында таныту. Бұл бөлімге Р.С.Жақсылықбаеваның «Журналист этикасы», мен 20-томдық «Қазақстандағы РR және БАҚ» ғылыми еңбектер жинағы қойылды.