Әл-Фараби кітапханасы онлайн байқау өткізуде

Құрметті Әл-Фараби атындағы кітапхананың оқырмандары! Бізде керемет жаңалық!
24 қазан Кітапханашылар күні кәсіби мерекесіне орай Әл-Фараби кітапханасы оқырмандар арасында «Librarians day» атты байқау жариялайды.
Байқау шарттары:
1) Әл-Фараби кітапханасы; сүйікті кітап немесе заманауи кітапханашы тақырыбында әлеуметтік желіге пост жариялаңыз;
2) Пост жазба немесе бейнеролик форматында болуы керек
3) Поста біздің парақшамызды белгілеп kaznu.elibrary , хэштег қоюды ұмытпаңыз #kaznulibrary
4) Жеңімпаз әлеуметтік желідегі ең көп лайк және комментарий жинау арқылы анықталады

Байқау нәтижелері 27-қазан күні жарияланып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталады.
Бұл байқау сіздің шығармашылығыңызды көрсетуге керемет мүмкіндік!
Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!
Байқауға қатысып, керемет сыйлықтар ұтып алыңыз!

Яндекс.Метрика