«Университетская библиотека онлайн» ЭБЖ базалық жинағына тестілік қолжетімділік берілді

Құрметті оқырмандар!

Біздің университетке «Университетская библиотека онлайн» ЭБЖ базалық жинағына 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін тестілік қолжетімділік берілді

Қол жетімділік оқу орнының IP-мекен-жайы бойынша берілген. Ресурсқа қашықтан қол жеткізу үшін сайтта жеке тіркеуден өту керек. Нұсқаулыққа сілтеме: осы жерде

«Университетская библиотека онлайн» — білім берудің барлық салалары бойынша оқу және ғылыми әдебиеттердің аса сұранысқа ие материалдарына университеттердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін заманауи білім беру кітапханасы. Кітапхана құрамында 130 000-нан астам басылым бар.

Ресурста оқулықтар, монографиялар, мерзімді басылымдар, анықтамалықтар, сөздіктер, энциклопедиялар, бейне- және аудиоматериалдар бар. Каталог жетекші ресейлік баспалардың жаңа өзекті оқу әдебиеттерімен жүйелі түрде толықтырылып отырады.

Кітапханамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты көру үшін сілтеме арқылы өтіңіз: осы жерде

Яндекс.Метрика