IEEE семинар-тренингіне шақыру

Құрметті оқытушылар, докторанттар мен студенттер!

Сіздерді IEEE баспасының ресми өкілінен  «IEEE ғылыми ресурстарының көмегімен дамудың мүмкіндіктері мен перспективалары» атты семинар-тренингке шақырамыз

Күні мен уақыты: 11 қазан, 2023, сағат 10.30 Алматы уақыты бойынша

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы кітапхана, 3-қабат, 308 – конференц-зал

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут.

Тренинг өтетін тілі: орыс

Жүргізуші: Әсел Жарасова, Қазақстандағы IEEE-дің өңірлік өкілі.

IEEE Xplore – электротехника, ақпараттық технологиялар және электроника бойынша 6 миллионнан астам толық мәтінді техникалық құжаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін халықаралық деректер базасы.

Тренинг студенттерге, магистранттарға, оқытушыларға, зерттеушілерге, сондай-ақ IEEE ғылыми ресурстарымен танысқысы келетіндердің барлығына бағытталған. Тренингте біз IEEE журналдарының басылымдарына мақалаларды дайындау және ұсыну процесі, IEEE Xplore платформасының функционалдығы мен құралдары туралы сөйлесетін боламыз.

Яндекс.Метрика