Әлемдік жетекші Elsevier баспасынан семинарлар өткізілді

2023 жылдың 26-28 қыркүйек аралығында  Әл-Фараби атындағы кітапхананың Абай залында Elsevier жетекші әлемдік баспа тарапынан зерттеу мен жоба үшін өзекті тақырыпты таңдауға, әдебиетті тиімді іздеу табу жолдарына және шолу мақалаларын жазу, ынтымақтастық пен қосалқы жетекшілерді іздеу, ғылыми өнімдер нарығын талдау бойынша Elsevier  лайфхактарына арналған семинарлар сериясы өтті.

Іс-шараға университеттің жас ғалымдары мен оқытушылары қатысты. Тренинг барысында жас ғалымдар мақалаларын ғылыми басылымдарда жариялауға қатысты өз сұрақтарын қойды. Олар гипотезаны қалай таңдауға және оның танымалдылығын тексеруге, Scopus және SciVal көмегімен мақаланың көрінуін арттыру үшін зерттеу саласындағы өзекті тақырыпты қалай таңдауға болатынын, әдеби шолу жазуға арналған Scopus және ScienceDirect құралдары туралы, ScienceDirect-пен журнал клубын өткізу әдістемесі туралы және гранттық мүмкіндіктерді іздеуге арналған Funding Institutional құралдары туралы білді.

Іс-шараны ұйымдастырған Әл-Фараби атындағы кітапхана және Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасы. Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша Elsevier баспасының кеңесшісі Рабига Хожамқұл іс- шарада презентация жасады.

Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

Яндекс.Метрика